Түркістан облысы Арыс қаласының «Білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қарасты "Арыс жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2025 жылдың 30 сәуір күні 9 «Б» сынып жетекшісі Қолдасова Айгүл Ұласбекқызы "1 мамыр - Бірлік күні!" тақырыбында сыныптан тыс тәрбие сағатын өтті. Мақсаты: оқушыларға Қазақстан Республикасы әлемде ең алғашқы мемлекеттердің бірі болып сырттан келген басқа ұлт өкілдеріне алтын бесік болғандығын ұғындыру; Қазақстандық патриотизмге, елін, жерін сүюге және халқын құрметтеуге тәрбиелеу. Басқа ұлт өкілдерінің мәдениетін, әдет - ғұрпын сыйлауға үйрету;еліміздің тыныштығын сақтауға, бірлік, ынтымағын арттыруға; тыныштықтың қадірін білуге сезіндіру.