Арыс қаласының адами әлеуетті дамыту бөлімінің «Арыс жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қысқаша тарихы
«Арыс жалпы орта білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қысқаша тарихы
«Арыс» орта мектебі 1970-1971 оқу жылында бастауыш мектебі болып ашылды. 1971-1972 жылы 8 жылдық мектеп-интернат болды. Ал 1975жылы жалпы орта білім беретін он жылдық мектеп болып құрылған. Мектепте класс бөлмелері жетіспей оқушылар сыймағандықтан 1986ж жеті жүз орындық жаңа типтегі мектеп салынған. Сол мектепке көшіп ескі ғимарат ауруханаға берілген болатын.Осы аурухана жабылғаннан кейін 1995ж ескі ғимарат қайта мектепке берілді. Қосымша мектепке сол кезде 700 оқушы мен 27 сынып комплектісімен 30 шақты ұстазымен бастауыш сыныптар ауысып келді. 2005 жылы Адамбеков мектебінен «Арыс бастауыш мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып бөлініп шықты. 2005-2014 жылдары аралығында «Арыс бастауыш мектебі» Қолдас Нұрила мектеп директоры қызметін атқарды.
«Ұстаз болу – өз уақытын аямау, өзгенің бақытын аялау»,-деп ұлы ғалым Ж.Ж.Руссо айтқандай, Қолдас Нұрила апай - бір орында еңбек етіп 40 жылдай ұстаздық жасап, шәкірттер тәрбиеледі.Еңбек жолын тәлімгерлікпен бастап, мұғалім, директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, мектеп директоры міндеттерін орындап зейнеткерлікке абыроймен шыққан ұстаз тәлімгер.Бастауыш сыныппен жұмыс жасай жүріп, қосымша қоғамдық жұмыстарға белсене араласты.Атап айтсақ бастауыш сыныптар пән бірлестігін, сынып жетекшілер бірлестігін, мектеп жанынан ашылған лагерь жұмысына басшылық жасады.
Сонымен бірге білім бөлімінің штаттан тыс мектеп тексеру комиссиясының құрамында болды,тиянақты жұмыс нәтижесін көрсетіп жүрді.1990 жылдан бастап Күлғида Ерешева атындағы Республикалық бастауыш сыныптар атаулы мектепте Арыс ауданы атынан мүше болды.Тәжірбие алмасу бағытында көптеген аудандарда өз тәжірбиесін көрсетіп сабақтың өтілу тәсілін көрсетті, әліппеге ұсыныс пікірлер жазды. Мысалы: Отырар, Қазығұрт, Мақтарал, Иличовка, Бәйдібек, Созақтарда болып еңбектері сол кездегі аудан газеттерінде жарық көріп жатты. 1992-2005ж аралығында бастауыш сыныптар бойынша мектеп директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары міндетін атқарды.1995ж еңбектерін бағалап ҚР «Білім беру ісінің үздігі» төс белгісімен марапатталды. Аудандық, облыстық мектепішілік мақтау қағаздарымен марапатталды.2013 жылы мектеп оқу жылын 250 орындығы бар жаңа ғимаратта бастады. Қолдас Нурила апай 2014 жылдың 14 наурызынан зейнеткерлікке шықты.
2014-2015жылдар аралығында мектеп директоры қызметін Есілбекова Тәжікүл Сеітжаппарқызы атқарды.
Мектепті екінші үй десек, ұстазды анамыз дейміз. Ұстаз бола білу екінің бірінің қолынан келе бермейді. Алыптың да, дананың да ұстазы болған. Бар өмірін бала тәрбиелеу мен ұстаздық жолында өткізіп, «Арыс бастауыш мектебінен» зейнеткерлікке шыққан ұстаздар:
Сейілова Самса |
Игілік Дәне |
Сейтқұлова Ұлбосын |
Ибраимова Гүлжаһан |
Есенова Үрзада |
Момбек Нызан |
«Арыс бастауыш мектебінде» 2015-2024 жылдары аралығында мектеп директоры қызметін Есилбекова Гульмира Абилакимовна атқарып келді.
«Ұстаз- ұлық емес, ұлы қызмет»,- деген Б. Момышұлы атамыз.Есилбекова Гулмира - ұстаздық жолында көптеген шәкірттер тәрбиелеп, шығармашылық жұмыстары бағаланып, қалалық білім бөлімінің, қала әкімінің, кәсіподақ ұйымдарының Алғыс хаттарымен, Құрмет грамоталарымен марапатталды.Оның ішінде әр жылдары мемлекеттік марапаттарға да ие болды. Атап айтсақ: 2007 жылы 11.07-ҚР БҒМ Құрмет грамотасы ;Министр Ж.Түймебаев; 2011 жылы ҚР Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін медалі;
2012 жылы ОҚО білім басқармасының Құрмет грамотасымен. 2011 жылы ОҚО әкімінің Алғыс хаты –ОҚО әкімі А.Мырзахметова; 2014 жылы Арыс қаласы білім бөлімінің «Білім беру ұйымдарының басқарудағы Үздік медалі -2014»- аудандық байқаудың «Бас жүлдесінің иегері» Мадақтамасы. А.Байтанов 2015 жылы – ҚР Президенті Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл мерекелік медалі. 2016 ж- ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері белгісімен марапатталды. 2018 жылы-біліктілік санат –«Педагог шебер». 2018 жылы-жоғарғы санаттағы мұғалім. 2018 жылы – Арыс ҚББ аттестаттау комиссияның шешімі бойынша «Арыс бастауыш мектебі» директорының аттестатталғаны туралы куәлігі. 2019 жылы- Қазақстанның өркендеуіне үлес қосып, елімізде бірлік пен ынтымақты, тұрақтылықты дәріптеуде айрықша еңбек сіңіргені үшін.2020 жылы-Түркістан облыстық маслихатының грамотасы. Хатшы Қ.Балабиев. 2020 жылы –«2020-2021 оқу жылының ерешеліктері» тақырыбында Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасы облыстық әдістемелік орталықтың мадақтамасы. А.Турсынбаев. 2021 жылы- «XXІ ғасырдағы білім беру- тиімді басқарудың өзекті мәселелері» тақырбында Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасы облыстық әдістемелік орталықтың мадақтамасы. М.Корганбекова. 2021 жылы қаңтар айында Елбасы Н.Назарбаевтің Алғыс хатымен марапатталды.
Кушкарбеков Ералы Рахматуллаевич 15.02.1981ж Оңтүстік Қазақстан облысы,Арыс ауданы, Задария савхозына қарасты Шөгірлі елді мекенінде дүниеге келген.
2001 жылы Халықаралық Қазақ-Арыб университетінің тарих-география мамандығын тәмамдаған.
2004 жылы қыркүйек айында А.Макаренко орта мектебіне география пәні мұғалімі болып қызметатқарған.2013 жылы қыркүйек айында А.Макаренко ЖОМ ДӘО- болып тағайындалған. А.Макоренко ЖОМ-нің 2013 жылдың телтоқсан айында мектеп директоры болып тағайындалған.
2024жылы қаңтар айында «Арыс жалпы білім беретін мектеп» КММ-нің мектеп директоры болып ауыстырылды.
2005 жылдан Адамбеков мектебінен «Арыс бастауыш мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып бөлініп шыққаннан бастап Өмірбекова Гүлдірайхан Кәрімқызы - кәсіподақ ұйымының төреайымы қызметін 2017 жылы зейнеткерлік жасына жеткенше атқарды
Кәсіподақ ұйымының төрағасы - Ибадуллаев Молдабай Кошербаевич өз қызметін атқару барысында бірқатар марапаттарға ие. Түркістан облысының білім басқармасы облыстық әдістемелік ортылығының мадақтамасы 2018 жыл, «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлер кәсіптік одағының Оңтүстік Қазақстан облыстық ұйымы» Қоғамдық бірлестігінің Құрмет Грамотасы 2016 ж, Арыс қалалық «Білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Құрмет Грамотасы 2020 ж.
«Арыс» бастауыш мектебінен білім алған шәкірттер Қазақстанның түкпір-түкпірінде қызмет атқаруда. Атап айта кетер болсақ:
Абпазов Али Омарұлы- экономика, кадастр (қызмет көрсету саласындағы) бакалавры, қазіргі таңда «Азаматтарға арналған Үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес Акционерлік қоғамының Түркістан облысы бойынша филиалының Арыс қалалық тіркеу және жер кадастр бөлімінің басшысы лауазымын атқаруда. Мемлекеттік наградалары: 2016 жылы ҚР ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің Құрметті жерге орналастырушы төс белгісі.
Бағдаулет Туреханов «Арыс бастауыш мектебін » 2004 жылы бітіріп осы жылы ҚАЗАҚСТАН МЕНЕДЖМЕНТ, ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ БОЛЖАУ ИНСТИТУТЫ (ҚМЭБИ) на түскен 2008 жылы 3 ші дәрежелі Үздік дипломмен бітірген. 2017 жылы Ұлыбритания еліндегі Манчестер қаласындағы МАНЧЕСТЕР УНИВЕРСИТЕТІ не түскен, аталған университетте призиденттік «Болашақ» стипендия иегері болған.
Қызмет бабы: 2009-2012жылдары ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПАРЛАМЕНТІНІҢ МӘЖІЛІСІНДЕ АППАРАТТЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТАР ЖӘНЕ ПРОТОКОЛ БӨЛІМІНІҢ БАС САРАПШЫСЫ,
2013-2015 жылдары ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПАРЛАМЕНТІНІҢ МӘЖІЛІСІНДЕ
АППАРАТТЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТАР ЖӘНЕ ХАТТАМА БӨЛІМІНІҢ БАС КОНСУЛЬТАНТЫ қызметінде, 2015-2019 жылдары АЗИЯ БОКС КОНФЕДЕРАЦИЯСЫ (ASBC) АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОР қызметінде, 2019 жыл «SSM-ОЙЛ»ЖШС КОМПАНИЯНЫҢ НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНДАҒЫ ӨКІЛІ Мемлекеттік органдармен тығыз байланыста жұмыс жасауда.
Мусаева Гулсима Абдиханова оқуды 2004 жылы бітірген «Арыс бастауыш мектебінің» түлегі . 2004-2010 жылдар аралығында Алматы қаласындағы С. Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ – де - педиатор мамандығы бойнша білім алып, диплом алған.
2010-2011 жылдары Алматы қаласы Қаз ҰМУ де –интернатура ВОП мамандығы бойынша бітірген.2011-2013 жылдар аралығында Алматы қаласындағы №2 ҚКБА- да врач гематолг, ренимация бөлімшесінде врач трансфузиолог болып жұмыс атқарған. 2013-2018 жылдар аралығында Алматы қаласындағы С. Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ резидентура офиальмология мамандығы бойынша бітіріп, қазіргі таңда CentraAsia Medical Industries мекемесінде врач офтальмолг болып жұмыс жасауда. Білімін шыңдауға Москвада оқуда болып келген.
Қапалов Ерғали Оразгелді 1992 жылы Арыс қаласы Сырдария елді мекенінде дүниеге келді. 2010 жылы Тараз қаласындағы Тараз мемлекеттік педагогикалық университетіне тусіп, осы университеттің магистурасын, доктарантурасын бітіріп шықты.Алғаш еңбек жолын 2013 жылы Тараз қаласындағы Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінде «Студенттік білім нұры» » газетінде корректор болып бастады. Кейінен Жастар ісі жөніндегі комитет төрағасы болды. Өмірінің соңғы жылдарында Шымкент қаласындағы М. Әуезов университетінде – Ректордың жалпы мәселелер істері жөніндегі орынбасары - қызметін атқарды. . Жетістіктері: 2015 жылы «Жылдың ең үздік журналисі» номинациясы,2018 жылы Н. Назарбаевтің «Құрмет грамотасы» мен марапатталды
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары- Нарбекова Жупаркуль Жиренбаевна –өз ісінің шебері,жас ұрпаққа білім мен тәрбие беріп, зерделі де зерек, парасатты, ұлттық және адамзаттық құндылықтарды бойына дарытқан тұлғаларды тәрбиелеуде.
2014 жылы білім беру үрдісінде ақпараттық коммуникациялық жаңа технологияларды тиімді қолдана отырып үздік ашық сабақ үлгісі Республикалық ғылыми әдістемелік педагогикалық«Мектеп журналы» мен «Алтын ұя» газеттері арқылы «Білім шыңы» білікті ұстаз еңбегі атты кітапқа енгізіліп, «Білім шыңы» төс белгісімен марапатталды.Қазіргі таңда зейнеткер.
2017 жылы білім беру саласындаың дамуына үлес қосып Қазақстанның туын биікке көтеретін, рухы жоғары, білімді шәкірттерді тәрбиелеудегі шығармашылық еңбегі үшін Оңтүстік Қазақстан облысы басқарма басшысы И. Сағындықовтың Құрмет грамотасымен марапатталды.
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары- Асирова Мирамкул Мауленовна- өз ісінің маманы ретінде бірнеше мәрте байқаулар мен сайыстардың жеңімпазы атанып,жүлделі орындарды иеленген.Шығармашыл,ізденімпаз ұстаздың қалалық, облыстық семинарларда үздік сабақтарының тәжірибелері таратылды.2020 жылы Нүкіс қаласындағы «Approaches and technics of using STEM technologies in foreign language classes»тақырыбындағы конференциясындағы мақаласы жарияланды .Оқушыларға сапалы білім, саналы тәрбие
тәрбие беру жолында көптеген жетістіктерге жетті. Оқушылары қалалық, облыстық, республикалық олимпиадаларда жоғары көрсеткіш көрсетіп, мектептің абыройын асқақтатты. Көптеген марапаттардың иесі.Асирова Мирамкул тәжірибелі маман ретінде өзінің міндеттерін белгіленген мерзімде орындауға жауапкершілікпен қарайды. Кәсіби деңгейін үздіксіз көтеру арқылы еңбегінің нәтижесі төмендегідей:
2005 жылы ҚР Білім және Ғылым Министрлігінің Құрмет грамотасы. Облыстық Білім Басқармасының алғыс хаты 2010, 2014жыл. Арыс қалалық Білім бөлімінің Құрмет грамотасы 2012жыл. Арыс қалалық кәсіподақ кеңесінің Құрмет грамотасы 2013жыл. Арыс қалалық Білім бөлімінің дипломы 2013,2016 жыл . Арыс қалалық Білім бөлімінің алғыс хаты 2016ж.
Облыстық Білім Басқармасының Құрмет грамотасы 2018жыл. Облыстық кәсіподақ ұйымының «Кәсіподаққа еңбегі сіңген қызметкер» белгісі 2018 жыл.2020 жыл Облыстық Адами Әлеуетті Дамыту Басқармасының дипломымен марапатталды.
Директордың оқу тәрбие ісі жөніндегі орынбасары- Кадирова Улбосын қызметін атқару барысында еңбегі бағаланып көптеген марапаттарға ие. Атап айтар болсақ 2004-2016 жыл аралығында ҚР БҒ министрлігі ҰБТ орталығы министрдің өкілі қызметін атқарған. 2014 жыл ҚР БҒ министрінің Құрмет грамотасы. «Жылдың үздік мұғалімі - 2016» төсбелгісімен марапатталған. «НЗМ » ДДББҰ шеберлік орталығының Алғыс хаты 12.12.2018 ж.
«Пән олимпиядасының үздік педагогы -2020 » төсбелгісімен марапатталған. ҚР Ы. Алтынсарин атындағы білім академиясының қолдауымен өткен Республикалық форумға қатысып мадақтамамен марапатталып , мақаласы кітапшаға енді. Білім саласын жетілдіруге қосқан айрықша үлесі мен қоғам өміріне белсене араласқаны үшін Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Алғыс хатымен марапатталды 2021 ж
Директордың бейін оқыту бойынша орынбасары - Ильясова Шарапат Туралиевна облыстық «Инновациялық идеялар жобасы» сырттай байқауында директордың ғылыми жұмыстары жөніндегі орынбасарлары бағыты бойынша жүлделі ІІІ орынды иеленгені үшін Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасы облыстық әдістемелік орталығының ІІІ дәрежелі Дипломымен ,Түркістан облысы адами әлеуетті басқармасы «Түркістан облысының әдістемелік орталығы» ұйымдастырған «Пән олимпиадасының үздік педагогы -2020» олимпиядасында бас жүлде алғаны үшін төс белгісімен 13 мамыр 2020 жыл, 2020 жыл «Өрлеу» БАҰО АҚФ Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының мадақтамасымен марапатталды.
Атақты ойшыл Әбу Насыр әл Фараби: «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие керек. Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне қауіп әкеледі» деген екен.
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары- Исаев Қаныбек Сайлауович- өз ісінің маманы, шығармашыл, жауапты мұғалім. 2020 ж Қазақстан интернет олимпиадасының жүлделі І орын , облыстық, аудандық, қалалық дипломдар иегері 2016,2018, 2020 ж
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары- Турегельдиева Кумисай Нурпашовна – іскер, көпшіл, жаңашыл, ізденімпаз,2019 жылы Республикалық педагогикалық ғылыми басылым «Өрлеу» дипломы,2019 жылы «Ғылыми ізденіс» Құрмет грамоталарымен марапатталды.2020-2021 оқу жылы оқушылары «Алтын қыран» байқаудан I-II орын,«Алтын ұрпақ» байқаудан I-II орын және «Бәйтерек» олимпиадаларының I-II орын иегері. ҚР Ы. Алтынсарин атындағы білім академиясының қолдауымен өткен Республикалық форумға қатысып мадақтамамен марапатталды.
Мектеп психологы Конусбаева Гульжан Аманкелдиевна- өз қызметін атқару барысында бірқатар марапаттарға ие. Атап айтсақ : Оңтүстік Қазақстан облысы Білім басқармасы Құрмет грамотасы «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» аясында жас ұрпақты тәрбиелеудегі ерен еңбегі жоғары бағаланып және қоғамдық жұмыстарға белсене араласқаны үшін марапатталды. 2018ж №313. Түркістан облысы Білім Басқармасы Облыстық әдістемелік орталық Құрмет грамотасы «Педагогтың кәсіби шеберлігін арттыру білім берудің жаңа сапасына қол жеткізу факторы» озық тәжірбиелі педагогтер слетіне қатысқаны үшін берілді 2019 ж№1181 «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру инсититуты 2019ж 17 маусым Республикалық педагогикалық ғылыми басылым «Өрлеу» №36 нурыз 2019жылы мақала жарық көрді Құрмет грамотасы. Республикалық педагогикалық ғылыми баслым «Өрлеу» Сертификат . «Ең білімді педагог – психолг - 2020» Халықаралық пән олимпиядасының бас жүлдегері дипломы 12.12. 2020 жыл. Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Алғыс хатымен марапатталды 2020 ж – Р. Жолаев мырзадан.Республикалық «Бастауышты оқыту педагогикасы мен әдістемесі» Блиц-турнирінің 1 орын иегері дипломымен 17.05.2020 жыл. «Үздік педагогикалы мақала» республикалық конкурсының «Үздік баяндама» номинациясы бойынша I орын иегері дипломымен 2020 жыл марапатталды.
Кітапхана меңгерушісі болып қызмет еткен- Толысбай Қаракөз Нұрмаханқызы 1990 жылдардан бастап кітапханашы қызметін атқарды. Осы жылдарда облыстық, аудандық, мектепшілік марапаттарға ие болды.2011жылы «Үздік кітапханашы» төс белгісімен марапатталды.Қазіргі таңда зейнеткер.
Шекеров Ерлан Кунанбаевич -қызметін атқару барысында бүгінгі күнге дейін басшылық тарапынан берілген тапсырмалардың орындалуына, мемлекеттік саясаттың жүзеге асырылуына, ҚР білім беруді және ғылыми дамытуда өз үлесін қосуда. Шекеров Ерлан- білім беру жүйесінде сала қызметкерлерін әлеуметтік құқын қорғауда және шығармашылық жұмысы мен қоғамдық жұмысқа белсене атсалысқаны үшін Арыс қалалақ білім қызметкерлері кәсіподағы кеңесінің «Құрмет грамотасымен» марапатталған.
Информатика пәнінің мұғалімі Избасарова Динара және география пәнінің мұғалімі Құрманалиева Күнсұлу Түркістан облысы АӘДБ «Облыстық дарынды балаларды анықтау және қолдау орталығы КММ» облыстық «Жас қанат» олимпиадасының жеңімпазы жүлдегерін дайындап ел болашағы-ойы ұшқыр,білімді, парасатты жас дарынды тәрбиелегені үшін Алғыс хатымен марапатталды.
Көркем еңбек пәні мұғалімі Қосақова Гүлнар және бастауыш мұғалімі Қуатбаева Назифа Арыс қаласының адами әлеуетті дамыту бөлімінің Білім саласының өркендеуі жолында адал қызмет етіп, жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие берудегі игілікті істері және ұлағатты ұстаздық жолындағы шығармашылық ізденіс пен шеберлік танытқаны үшін Алғыс хатымен марапатталды.
Қазіргі таңда «Арыс жалпы орта білім беретін мектебінде» көптеген көп балалы аналар еңбек етуде.Атап айтар болсақ, «Күміс алқа» иегері К.Құрманалиева, «Алтын алқа» иегерлері П.Мусабаева және Р.Алтынбекова.
Ширек ғасыр жасап, мыңдаған түлектерді жаңа өмірге аттандырған білім ордамыздың тарихта қалдырар белестері көп. ХХІ ғасыр – білім ғасыры, тек қана білім мен ғылымды ұштастырған ел ғана алдыңғы қатарлы елдердің қатарынан табылатыны сөзсіз.Ұлағатты ұстазы бар, озық ойлы шәкірт тәрбиелеп отырған мектебімізден қазақ елінің тұтқасын берік ұстайтын азаматтар шығатынына кәміл сенемін. «Қазақтың тағдыры, келешекте ел болуы да мектебінің қандай негізде құрылуына барып тіреледі. Мектебімізді таза, берік, һәм өз жанымызға (қазақ жанына) үйлесетін негізде құра білсек, келешегіміз үшін тайынбай – ақ серттесуге болады» - деген екен М. Жұмабаев.