Түркістан облысы білім басқармасының «Арыс қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қарасты «Арыс жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің кітапхашылары А. Пердебекова мен Г. Каблашова «1 Мамыр - Бірлік, Ынтымақ күні» мерекесіне орай, мектеп білім алушыларына кітап көрмесін ұйымдастырды. Мақсаты: Оқушыларға Қазақстан Республикасы әлемде ең алғашқы мемлекеттердің бірі болып сырттан келген басқа ұлт өкілдеріне алтын бесік болғандығын ұғындыру; Қазақстандық патриотизмге, елін, жерін сүюге және халқын құрметтеуге тәрбиелеу. Басқа ұлт өкілдерінің мәдениетін, әдет - ғұрпын сыйлауға үйрету; еліміздің тыныштығын сақтауға, бірлік, ынтымағын арттыруға; тыныштықтың қадірін білуге сезіндіру.