"1 - мамыр Қазақстан халықтарының ынтымағы мен бірлігі күні" Арыс қаласы Білім бөліміне қарасты «Арыс жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде "1 - мамыр Қазақстан халқының бірлігі күні" қарсаңында мектепалды даярлық топ тәрбиешілері Г. Алтаева мен Ж. Сабденова мерекенің маңызы туралы балалардың түсініктерін кеңейту, өзінің туған жеріне, Отанына деген сүйіспеншілікке баулу мақсатында түрлі іс - шаралар өткізді. Мақсаты: балалардың бірлік, ынтымақтастық, бейбітшілік және достық туралы түсініктерін кеңейту; Отанды сүюге, патриотизмге тәрбиелеу; құрдастарымен өзара достық қарым - қатынасты қалыптастыруға баулу; үлкендерді сыйлауға, кішіге ізет көрсетуге үйрету; Отанға, еліне, туған жеріне деген құрмет пен сүйіспеншілікті дәріптеу; рухани - адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру; отбасына, достарына құрмет пен қамқорлық көрсете білуге баулу; еңбекқорлыққа тәрбиелеу. Тәрбиеленушілер «Әрқашан күн сөнбесін!» әнін орындап, би билеп, суреттер салды.