”Арыс қаласының білім бөлімі” мемлекеттік мекемесіне қарасты “Арыс жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде биылғы 2024-2025 оқу жылының басталуына орай, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың «Әділетті Қазақстан – Адал азамат» атты екінші отырысында сөйлеген сөзінде балалар арасында жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды дәріптеудің маңызын атап өтті. Мектебімізде 2024 жылдың 29 тамыз күні 2-10 сынып оқушылары үшін жаңа оқу жылына бағдарлау сабақтары, оқушыларға оқулықтары таратылуы ұйымдастырылды.
Салтанатты шараның мақсаты: жаңа оқу жылының білім алушылардың білім алуға ұмтылысын, патриотизм, еңбекқорлық, жауапкершілік пен өзара сыйластық қасиеттерін қалыптастыруға ықпал ететін мерекелік және шабыттандыратын атмосфера құру.