Түркістан облысы, "Арыс қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесіне қарасты «Арыс жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2024 жылдың 1 қыркүйек күні 1, 11 сынып оқушылары үшін «Мектебім – мейірім мекені» тақырыбында салтанатты шара форматында өткізілді.
Салтанатты шараның мақсаты: жаңа оқу жылының салтанатты ашылуын ұйымдастыру және білім алушылардың білім алуға ұмтылысын, патриотизм, еңбекқорлық, жауапкершілік пен өзара сыйластық қасиеттерін қалыптастыруға ықпал ететін мерекелік және шабыттандыратын атмосфера құру.
Салтанатты шараға ардагер ұстаздар Қолдас Нұрила, Игілікова Дәнегүл, Нарбекова Жұпар, Есенова Үрзада, Сейтқұлова Ұлбосын мен мектеп директоры Кушкарбеков Ералы Рахматуллаұлы және ата-аналар мен оқушылар қатысты.
Алқашқы құттықтау сөз кезегін мектеп директоры Кушкарбеков Ералы Рахматуллаұлы алып жаңа 2024-2025 оқу жылының басталуымен құттықтап, ұстаздарды марапаттады.
Мектебіміздің кәсіподақ комитетінің төрағасы Ибадуллаев Молдабай ағай мен ардагер ұстаздар ізгі тілектерін білдірді.