Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Арыс қаласы білім бөліміне қарасты «Арыс жалпы білім беретін мектеп» КММ
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Арыс қаласы білім бөліміне қарасты «Арыс жалпы білім беретін мектеп» КММ
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/arysschool.edu.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz

Арыс қаласының "Білім бөлімі " ММ қарасты "Арыс жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасарының міндетін уақытша атқарушы А. Мухаеваның ұйымдастыруымен «Ізденейік, үйренейік жас маман!» тақырыбында жас маман онкүндігі барысында 24. 04. 2025 күні Н. Рахматла, Б. Хайрулла, Ж. Кенжеходжаева, А. Тогимбетова 6 сынып оқушылары арасында сайыс сабақ өтті.

Тақырыбы: "Математикалық квест"

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың математика пәніне қызығушылығын арттыру, жарысуға, жарыста жеңімпаз болуға ұмтылуын дамыту. Білімді дарынды озық болуға тәрбиелеу.

1 топ "Қайсар"

2 топ "Қырандар"

3 топ "Болашақ"

Сайыс сабақ 3 кезеңнен тұрды.

1 кезең "Бәйге" арқылы сұрақтарға жауап берді. Әр сұрақ 10 ұпаймен бағаланды.

2 кезең "Кім жүйрік" арқылы сұрақтарға жауап берді. Әр сұрақ 10 ұпаймен бағаланды.

3 кезең "Кім тапқыр?" Жұмбақты шеш" арқылы жұмбақтарға жауап берді. Әр сұрақ 10 ұпаймен бағаланды.

Сайыс сабақ өте қызықты, әрі тартысты болды. 6 "Б" сынып оқушыларынан құралған "Болашақ" тобы 1 орын иеленді.

6 "А" сынып оқушыларынан құралған "Қайсар" тобы 2 орын иеленді.

6 "Ә" сынып оқушыларынан құралған "Қырандар" тобы 3 орын иеленді Сыйлықтар мен мадақтамалар табысталды. Сабақ мақсатына жетті.