"Арыс қалалық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесіне қарасты «Арыс жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2024 - 2025 оқу жылы 6 "Ә" сынып оқушыларымен "Жылыту маусымындағы қауіпсіздік" тақырыбында Сыранова Гульвира өрт қауіпсіздігі бойынша сынып сағатын өтті. Мақсаты: Балаларға өрт туралы түсінік беру, өрт қауіпсіздігін сақтауға баулу, өрт тілсіз жау екенін айтып, өрт қауіпсіздігі ережелерін түсіндіру. Әсіресе қысқы уақытта үйдегі жылу жүйесін қолдануда мұқият болу керек екенін ескерту.