Арыс қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесіне қарасты "Арыс жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде "Тілден қымбат қазына жоқ" тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті онкүндігінде , 7 "А" сыныбына қазақ тілі пәнінен Ақын Айгүл ашық сабақ өтті.
Сабақтың тақырыбы: Денсаулыққа пайдалы тағамдар .
Оқу мақсаты: 7.2.2.1 публицистикалық және ресми стиль ерекшеліктерін қолданылған тілдік құралдар арқылы тану; 7.4.3.1. Тұрақты сөз тіркесі, мақал-мәтелдердің эмоционалды мәнін, көркемдік ерекшеліктерін түсініп қолдану;
Ұйымдастыру кезеңі. Мұғалім оқушыларды түгелдеп, үй тапсырмасын «Кір жайғыш» әдісі арқылы сұрады, «Иммунитетті көтерудің ең тиімді тәсілі» тақырыбында «ПОПС» формуласы арқылы өз ойларын жазған оқушылар үй жұмыстарын бір бірімен алмасып, топта талқылап, үздік жұмысты анықтап кір жайғышқа ілді. Өткен тақырыпты "Лездеме сұрақтар" әдісі арқылы пысықтады.
Оқушылардың ойын қозғау мақсатында «Ас – адамның арқауы» мақалының мағынасын аштырып, жаңа сабақтың тақырыбын болжатты. Оқушылар «Денсаулыққа пайдалы тағамдар» тақырыбында мәтін оқып, мәтін мазмұны бойынша өз ойларын айтты. Оқылым мәтіні бойынша топтық тапсырма берілді. Оқушылар мәтіннен ағзаға пайдалы тағамдардың тізбесін жасады. Оқушылар тізбеге ағзаға пайдалы қазақ халқының ұлттық тағамдарын қосып, ағзаға пайдалы қазақ халқының ұлттық тағамдары туралы пікірлерін мақал- мәтелдер мен тұрақты тіркестерді орынды қолдана отырып дәлелдеді. Мәтіннің жанрлық ерекшелігіне талдау жасалды. Саралау тапсырмалары беріліп, оқушылар жеке тапсырмалармен жұмыс жасады. Сабақта әдіс тәсілдер тиімді қолданылып, мұғалім тарапынан, оқушылар тарапынан бағалау дер кезінде беріліп, кері байланыс жүргізілді. Сабақ «Өте жақсы» деп бағаланды.