Арыс қаласының Білім бөлімі ММ қарасты "Арыс жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары К.Турегельдиеваның ұйымдастыруымен
"Үйренейік, ізденейік жас маман" тақырыбында Жас мамандар онкүндігі барысында 11.04.2025ж күні Алимбеков Мелдеби 8 - сынып оқушыларына волейбол үйірмесі бойынша ашық сабақ өтті.
Тақырыбы: «Допты екі қолмен төменнен қабылдау»
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға ойын техникасының элементтерін, допты екі қолмен төменнен қабылдауды үйрету, командалық ауызбіршілікті нығайту.
Сабақ барысында волейбол техникасын, алға қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін ойын кезінде қолданылатын арнайы әдіс - тәсілдер таныстырып, әртүрлі әрекеттерін орындатты. Екі жақты волейбол ойыны ойнатылды. Сабақ мақсатына жетті.