"Арыс қалалық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесіне қарасты "Арыс жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімдері Курашова Ботакөз және Шултаева Лаураның ұйымдастыруымен "Абай – дара, Абай – дана әлемде" тақырыбында 7-сыныптар арасында сайыс өткізілді.
Мақсаты: Абай Құнанбайұлының ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату арқылы поэзияны сүюге, бағалай білуге, оқу дағдысын жетілдіре отырып, рухани танымын кеңейту.
Сайыс үш кезеңнен тұрды:
- Абай өлеңдерін жатқа айту.
- Қара сөздерінен үзінді оқып, мағынасын ашу, мысал келтіру.
- Сұрақ-жауап.
Сайысты қорытындылай келе: І орын – Жеңісәліқызы Албина, ІІ орын – Ибраш Арайлым, ІІІ орын – Ералы Көркем және Көмекбай Таңнұр марапатталды.