"Адал болу - парызың" атты тақырыпта байқау сайысы өтті
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Арыс жалпы білім беретін мектеп» КММ - нің кітапханашы Г.Каблашова 2025 жылдың 10 ақпанда 3 - 7 сынып оқушылары арасында «Адал болу - парызың» тақырыбында сурет салу байқауын ұйымдастырды.
Мақсаты: Оқушыларға адалдық, шындық туралы түсінік беру; оқушылардың бойына рухани адамгершілік қасиеттерді ұялату үшін мейірбан, ақылды, шыншыл, қайырымды, адамдық асыл қасиеттерді игеруге ықпал ету және бірін - бірі сыйлап, мейіріммен қарауға тәрбиелеу;
бейнелеу өнеріндегі дарынды оқушыларды анықтау және оларға қолдау көрсету; эстетикалық талғамын дамыту;
Қатысушылар салған суреттері бойынша өз ойларын еркін әрі көркем етіп жеткізе білді.
Байқау қорытындысы анықталып, Алғыс хатпен марапатталды.
3 - 4 сыныптар бойынша
І орын 3 «Ә» сынып Құрманбай Айзере
ІІ орын 3 «Б» сынып Нызан Мұхамедәлі
4 «А» сынып Тату Сезім
ІІІ орын 4 «Б» сынып Серікбай Фатима,
Мосан Рамазан
5 - 6 - 7 сыныптар бойынша
І орын 6 «А» сынып Арыстанбек Нұрғиса
7 «В» Қыдырәлі Ақтоты
ІІ орын 7 «А» сынып Хасан Айша,
7 «А» сынып Ибраш Арайлым
ІІІ орын 7 «А» сынып Отарбек Гүлім
6 «А» сынып Тұран Асқар
Байқау жеңімпаздарын құттықтаймыз!