"Арыс қалалық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесіне қарасты "Арыс жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде "Язык-символ нации, language - symbol of nation" атты орыс тілі мен ағылшын тілі онкүндігінде Маханбеткерім Гүланар ағылшын тілі пәнінен 8 "Б" сыныбына ашық сабақ өткізді.
Тақырыбы: "A TV Programme"
Мақсаты: 8.2.2.1 – оқушыларды телебағдарламаларға қатысты сөздікпен таныстырып, оны сөйлеу әрекеті арқылы қолдануға үйрету.
Сабақты бастамас бұрын "Warming up" кезеңінде балалармен ағылшын тілінде медитация жасап, олардың ақылды, белсенді екендігін ескертіп, сабаққа дайындығын сұрады.
"Puzzle" әдісі арқылы және Genially платформасымен өткен тақырыптарға байланысты сұрақтарға жауап бере отырып, жаңа тақырыпты ашты. Оқушылар кітаптағы жаңа сөздерді оқып, мағынасын түсіндірді.
Топтық жұмыста екі топ болып, "Тарсия" әдісі арқылы жаңа сөздер мен мағыналарын сәйкестендіре отырып, пирамида құрады. Жасаған жұмыстарын екі топ алмасып тексеріп, өздері бағалады.
Жұптық жұмыста кітапта берілген үш түрлі мәтінді оқып, түсініп, сол мәтінге ұқсас өздерінің бағдарламаларына сценарий жазды. Топта жазылған үздік екі жұптың бағдарламасы тақтаға шығып, "Role play" әдісімен өткен жаңа сөздерді қолдана отырып қорғап шықты. Оқушылар бір-бірін бағалады.
"Quizizz" платформасында балалар өз ұялы телефондарымен QR-код арқылы кіріп, жеке жұмыс жүргізіп, тиісті баллдарын жинады.
Сабақ соңында оқушылар өздерінің сабақ бойынша түсінгендерін бағалап, билеттерін тақтадағы үш түрлі залға жапсырды:
VIP – "Маған бәрі түсінікті"
COMFORT – "Түсінікті, бірақ кішкене тәжірибе керек"
STANDARD – "Маған көмек керек" деп, кері байланыс берді.
Үй тапсырмасы: Make a video blog about their own invented programme.
Сабақ мақсатына жетті.