"Арыс қалалық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесіне қарасты "Арыс жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде "Язык-символ нации, language - symbol of nation" атты орыс тілі мен ағылшын тілі онкүндігінде Құрбанбаева Диана ағылшын тілі пәнінен 4 "Ә" сыныбына ашық сабақ өткізді. Тақырыбы: "Our world".
Мақсаты: 4.1.8.1 – қысқа әңгімелерді жалпы және академиялық тақырыптар бойынша қолдаумен түсіну.
Сабақ жаңылтпаш айту арқылы басталды, "puzzle" әдісімен үй тапсырмасын орындап, жаңа тақырып ашылды. Оқушылар екі топқа бөлініп, "treasure bottle" әдісімен жаңа сабақтың сөз тіркесін іздеп жазды. Learning apps платформасында "Сәйкестендіру" әдісі арқылы үйренген тіркестер мен суреттерді сәйкестендірді. Топтық жұмыс: Оқушыларға мәтін беріліп, "fish bone" әдісімен топтар бір-біріне сұрақ қойып, жауап берді. Жұптық жұмыс: "Жұбыңды тап" әдісімен ыдыста жазылған сөйлемдерді біріктірді. Жеке жұмыс: Сөйлемдегі қате сөздерді анықтап, дұрыс ақпаратты жазды. "Ticket" әдісімен оқушылар өз-өздерін бағалап, "Airplane" әдісімен кері байланыс берді. Үй тапсырмасы: жаңа сөздерді жаттау. Сабақ мақсатына жетті.