Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Арыс қаласы білім бөліміне қарасты «Арыс жалпы білім беретін мектеп» КММ
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Арыс қаласы білім бөліміне қарасты «Арыс жалпы білім беретін мектеп» КММ
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/arysschool.edu.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz

"Арыс қалалық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесіне қарасты "Арыс жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде "Язык-символ нации, language-symbol of nation" атты орыс тілі мен ағылшын тілі онкүндігінде Шалгинбаев Женісаи ағылшын тілі пәнінен 7 "Б" сыныбына ашық сабақ өткізді.

Тақырыбы: "Finding things"

Мақсаты: 7.2.4.1 – ұзақ әңгімелерде жалпы және академиялық тақырыптар бойынша бірнеше мағыналарды түсіну, аздаған қолдаумен; 7.5.1.1 – мұғалімнің қолдауымен жалпы және оқу тақырыптары бойынша мәтін деңгейіндегі жұмыстарды жоспарлау, жазу, түзету және тексеру.

Оқушылардың үй тапсырмасы 4 сұрақ қою арқылы тексерілді, содан соң 1,25 минуттық аудио тыңдалып, on, in, between, behind, in front of, next to, under сөздерін орнына қойып сабақ тақырыбы ашылды.

Сәйкестендіру әдісі: Ойын шарты: Әр оқушы бір-бір суреттен таңдап, оны сәйкестендіріп өз тобын анықтайды. Содан кейін екі топ түрлі суреттермен өз бөлмелерін құрастырып, тақтаға шығып қорғап, бір-бірін бағалады.

2-ші тапсырмада YouTube желісіндегі мына сілтеме арқылы

диалог құрып, жоғалған ноутбуктің қай жерде жатқанын табады.

3-ші тапсырманы "Wordwall" платформасымен орындайды, яғни әр жерде тұрған жиһаздардың аттарын тауып қойып шығады.

4-ші тапсырмада "Kahoot" ойыны арқылы тақырыпқа байланысты сұрақтарға жауап береді.

Сабақтың соңында балалар "Tiktok" әдісі арқылы сабақ барысы жайында өз пікірлерін жазып, кері байланыс берді.

Үйге тапсырма берілді: Ex: 3, Page: 31.