Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Арыс қаласы білім бөліміне қарасты «Арыс жалпы білім беретін мектеп» КММ
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Арыс қаласы білім бөліміне қарасты «Арыс жалпы білім беретін мектеп» КММ
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/arysschool.edu.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz

"Арыс қалалық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесіне қарасты "Арыс жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде "Язык-символ нации, language-symbol of nation" атты орыс тілі мен ағылшын тілі онкүндігінде Досжанова Айгерім ағылшын тілі пәнінен 7 "А" сыныбына ашық сабақ өткізді.
Тақырыбы: "Finding things"
Мақсаты:
7.2.4.1 – ұзақ әңгімелерде жалпы және академиялық тақырыптар бойынша бірнеше мағыналарды түсіну, аздаған қолдаумен;
7.5.1.1 – мұғалімнің қолдауымен жалпы және оқу тақырыптары бойынша мәтін деңгейіндегі жұмыстарды жоспарлау, жазу, түзету және тексеру.

Оқушылардың үй тапсырмасы сұрақ қою арқылы тексерілді, содан соң оқушылар екі топқа бөлініп, мұғалімнің жоғалтқан затын кілт сөздер арқылы тауып беруге көмектесті және осы арқылы сабақтың тақырыбын өздері ашты. Топтық жұмыста оқушылар аудио тыңдалыммен жұмыс жасады. 1-топ 1,25 минуттық аудионы тыңдады да, on, in, between, behind, in front of, next to, under сөздерін орнына қойып сөйлемдерді толықтырды, ал 2-топ сөйлемдердегі қате ақпаратты тауып, дұрыс нұсқасын жазды.

3-ші тапсырманы "Liveworksheets" платформасымен орындады, яғни берілген суретке қарап заттардың қай жерде тұрғанын тауып жазып, оқып, аударып берді.
4-ші қорытынды тапсырмада "Kahoot" ойыны арқылы тақырыпқа байланысты сұрақтарға жауап берді.

Сабақтың соңында балалар "WhatsApp" әдісі арқылы сабақ барысы жайында өз пікірлерін жазып, кері байланыс берді.
Үйге тапсырма берілді:
Home task: Ex: 3, Page: 31.