Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Арыс қаласы білім бөліміне қарасты «Арыс жалпы білім беретін мектеп» КММ
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Арыс қаласы білім бөліміне қарасты «Арыс жалпы білім беретін мектеп» КММ
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/arysschool.edu.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz

"Арыс қалалық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесіне қарасты "Арыс жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 11.12.2024 жылы математика пәнінің мұғалімі Хайрулла Бибарс Нұржанұлы 6 "А" сыныбында математика пәнінен ашық сабақ өткізді. Тақырыбы: "Алгебралық өрнектерде жақшаны ашу және коэффициент".

Мақсаты: 6.2.1.7 алгебралық өрнектерде ұқсас мүшелерді біріктіруді орындау.

Ұйымдастыру кезеңі. Мұғалім оқушыларды түгелдеп, жағымды ахуал қалыптастырды. Үй тапсырмасын "Серпілген сауалдар" әдісімен сұрап, үздік жұмыстарды анықтады. Жаңа сабақтың тақырыбын логикалық сұрақтар арқылы оқушыларға ашқызу мақсатында тақырып пен мақсатты болжады.

Жаңа сабақ өткен сабақты байланыстыра отырып ашылды. Оқушылар сабақтың мақсатына сай топтық және жұптық жұмыс, сондай-ақ саралау тапсырмаларын орындады. Сабақта "Конвертті аш", "Жасырылған өрнектерді тап" әдіс-тәсілдері тиімді қолданылды. Саралау тапсырмалары жүзеге асырылды. Оқушылар бір-бірін топта бағалап, мұғалім әр тапсырмадан кейін дер кезінде бағалау жүргізіп, кері байланыс беріп отырды. Оқушылар өтілген сабаққа кері байланыс беріп, ұсыныстарын жазбаша жеткізді.