"Арыс қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесіне қарасты "Арыс жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 18 желтоқсан күні "Алгебралық өрнектерді түрлендіру" тақырыбында математика онкүндігінде 6 "Б" сыныбында математика пәнінен Әбілда Дастан ашық сабақ өткізді.
Сабақтың тақырыбы: Алгебралық өрнектерді түрлендіру.
Оқу мақсаты: 6.2.1.9 алгебралық өрнектерді тепе-тең түрлендіруді орындау.
Ұйымдастыру кезеңі. Мұғалім оқушыларды түгелдеп, үй тапсырмасын «Көршіңмен алмас» әдісі арқылы тексерді. Оқушылар үй жұмыстарын бір-бірімен алмасып, дұрыс жауаппен тексерді. Оқушылардың ойын қозғау мақсатында «Тепе-теңдік» туралы анимациялар арқылы жаңа сабақтың тақырыбын болжады.
Оқушылар сабақтың мақсатына сай тапсырмаларды топтық және жұптық жұмыс, сондай-ақ саралау тапсырмаларын орындады. Сабақта «Айналмалы бекет», «Ойлан, жұптас, бөліс» әдістері тиімді қолданып, саралау тапсырмаларын орындады. Жұптық тапсырманы «Bilimland.kz» платформасында сәйкестендіру бойынша орындады. Оқушылар бір-бірін топта бағалап, мұғалім әр тапсырмадан кейін дер кезінде бағалау жүргізіп, кері байланыс беріп отырды. Сабақ «Миллион кімге бұйырады?» ойыны арқылы бекітілді. Сабақ мақсатына жетті.