«Арыс жалпы білім беретін мектеп» КММ - нің «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы негізіндегі жоспарға сәйкес 5 «Ә» сынып жетекшісі Байжанова Жазираның ұйымдастыруымен «Алғыс айту - асыл қасиет» тақырыбында сыныптан тыс тәрбие сағаты өтілді. Мақсаты оқушылардың «сыйластық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту. Алғыс күніне оқушылар ата - аналарына, ұстаздарына, достарына алғыс хат жазып, қуана бөлісті. «Жақсылығың қайтар өзіңе» атты бейнебаян көрсетіліп, оқушылар арасында сұрақтар қою арқылы талқыланды. Оқушылар өз пікірлерімен бөлісті.