Арыс қаласы білім бөлімі мемлекеттік мекемесіне қарасты "Арыс жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 7 "А" сынып оқушысы Ибраш Арайлым "Бір ел-бір кітап" республикалық акция аясында таңдалған аса дарынды қаламгер, аудармашы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, ҚР әнұранының авторы Жұмекен Сабырұлы Нәжімеденовтің 90 жылдығына орай ұйымдастырылған "Жұмекеннен 100 өлең" атты байқауында ІІ орын иеленгені үшін "Арыс қаласының Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Алғыс хатымен марапатталды.
Мектеп директоры Е. Кушкарбеков Арайлымды құттықтап, алғысын білдірді.