"Lesson study: тиімді тәжірибеден табыс нәтижелеріне дейін" тақырыбында семинар өттілді
Арыс жалпы білім беретін мектебінде 2025 жылдың қаңтар айының 30 күні Түркістан облысы білім басқармасының “Білім беруді дамыту орталығының” “ Lesson study: тиімді тәжірибеден табыс нәтижелеріне дейін” тақырыбындағы семинар өтілді.
Семинардың мақсаты: Білім сапасын арттыруда Lesson study әдісін тиімді қолдану арқылы пән мұғалімдерінің құзыреттілігін арттыру.
Семинарда Арыс білім беретін мектебінің физика пәнінің мұғалімі Избасарова Динара 7"А" сыныбында «Сұйықтар мен газдардағы қысым. Паскаль заңы» тақырыбында сабақ өтті.
Сабақтың мақсаты: сұйықтардағы гидростатикалық қысымның формуласын шығару және оны есептер шығаруда қолдану.
Д. Избасарова сабақта оқушыларды 3 топқа біріктірді. Сабақ барысында "Домино,Миға шабуыл, Оқы, ойлан,бөліс» әдістері арқылы оқушыларға жеке жұмыс, топтық жұмыс тапсырмаларын орындатты. Оқушылар өз ойларын айтқызып,сабақтың тақырыбының мәнін ашуға баулыды.
Мұғалім "Сұйықтар мен газдардағы қысым" тақырыбын түсіндіру барысында I топқа постерге гидростатикалық қысымның формуласын түрлендіре жазуға, II топқа Паскаль заңына тәжірибе жасатса,ал III топқа сұйықтардағы қысымның биіктікке тәуелділігін көрсететін тәжірибе көрсетті. Оқушылар уақытты тиімді пайдаланып, белсенділік көрсетті,сондай ақ әр топ өзара бағалау жасады. Мұғалім жаңа сабақты формуланы түрлендіріп, сызба, сурет арқылы өмірдегі қолданысы бойынша мысалдар келтіріп,тағы бір түсіндіріп,қорытындылап өтті және оқушыларды бағалап кетті. Сабақ мақсатына жетті.
Семинар соңында Lesson study жүргізуші топ мүшелері сабақтың соңында сабақты талдап,пікір алмасты.