Түркістан облысы, "Арыс қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі "Арыс жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 11.02.2025 жылы мектебімізде спорттық жетістіктермен көзге түскен оқушымыз Дзюдодан 2008 - 2009жылдары туылған жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионатында 48 келі салмақ дәрежесінде үшінші орын алғаны үшін Нұрланқызы Айғанымның марапаттау рәсімі өтті.
Оқушымыз өз күш - жігерінің арқасында түрлі жарыстарда жүлделі орындарға ие болып, мектебіміздің намысын абыроймен қорғады Бұл марапат оның табанды еңбектерін құрметтеу ғана емес, сонымен қатар, болашақта да биік шыңдарды бағындыруға деген ынталарын арттыруға арналған. Жеңісті күндеріңіз көп болсын, мектептің мақтанышы!!!