Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Арыс қаласы білім бөліміне қарасты «Арыс жалпы білім беретін мектеп» КММ
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Арыс қаласы білім бөліміне қарасты «Арыс жалпы білім беретін мектеп» КММ
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/arysschool.edu.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz

 04.09.2024ж күні «Арыс жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде төтенше жағдайлардың алдын алу және жойқын жер сілкінісі туындаған кезде ТЖ жоюға азаматтық қорғаудың басқару органдарын, күштері мен құралдарын дайындау және төтенше жағдай кезіндегі оқушылардың өмір қауіпсіздігінің алдын алу мақсатында мектеп оқушыларын қауіпті аймақтан қауіпсіз аймаққа эвакуациялау оқу-жаттығу жиыны өткізілді.
 Сейсмикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша ақпараттық-насихаттау іс-шарасына мектеп басшыларының құрамы, барлық мұғалімдер мен кіші қызметкерлер қатыстырылды. Құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды атқару және іс-шараларды өткізу үшін АҚ құрамаларының топ басшылары құрылды (өрт сөндірушілер, құтқарушылар, санитаркалар, қоғамдық бақылау топтары). Оқу- жаттығу барысында Р.Артықбай штаб бастығы М.Асироваға мектеп ұжымы және оқушылар қауіпсіз жерге түгел шығарылғандығы жөнінде баяндады.
Санитарлық қыздар жасағымен мектеп мейірбикесі Ғ. Қалымбетова қан кеткенде тоқтату тәсілдерін, сынықтар кезінде таңу тәсілдерін айтып көрсетті. Құтқарушылар тобы бастауыш сынып оқушыларын эвакуациялауға көмектесті. Барлық сыныптарда төтенше жағдай кезінде оқушылардың сауатты іс- әрекеттері мен өзін-өзі дұрыс ұстау дағдыларын қалыптастыру жайында сынып сағаттары өткізілді. Мектептің АҚ ұйымдастырушысы, әскери жетекші Р.Артықбай «Баршаның назарына!» дабылы бойынша, сондай-ақ төтенше жағдайлар туындаған кездегі іс- әрекет әдістерін үйрету, пысықтау мақсатында сұхбат сағаттарын өткізіп оқу-жаттығу барысында ТЖ кезінде қалай әрекет ету керектігі туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.