"Арыс гуманитарлы-техникалық колледжі" мекемесінің кәсіби бағдар беру жұмыс жоспарына сәйкес колледж мамандықтарымен танысу мақсатында ашық есік күні өтті.
Шараның мақсаты: Мектеп бітіруші түлектердің мамандық таңдау мәселесінде белсенділігін арттыру, мамандық бағытын таңдауда жауапты шешім қабылдауды қалыптастыру. Оқушылар үшін мектепті аяқтағаннан кейін маңызды таңдау жасау қажет болады. Ол – мамандық таңдау. Кей оқушылар тоғызыншы сыныптан соң арнаулы орта оқу орындарына оқуға түсуге шешім қабылдайды.
Насихаттау жұмыстары барысында педагогтер колледж туралы толық мәлімет беріп, оқушылардың сұрақтарына жауап берді. Жастарға кәсіби бағдар беру - жас ұрпақты өсіруге, оқытуға, жетелейді. Арыс ЖОББ мектеп оқушылары колледждегі мамандықтармен танысты.