Түркістан облысы, Арыс қаласы, "Арыс жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде
20.01 - 20.02.2025ж аралығында "Бастауыш - білім бастауы" тақырыбы аясында басталған бастауыш айлығының жоспары бойынша 23.01.2025 күні бастауыш сынып мұғалімі Куатбаева Назифа 2 "Ә" сыныбымен әдебиеттік оқу пәнінен ашық сабақ өтті.
Сабақтың тақырыбы: "Мен де спортшы боламын".
Сабақтың мақсаты:
2.2.6.1 - кейіпкердің сыртқы келбетін сипаттау, мінез - құлқы мен іс - әрекетін бағалау.
Сәлемдесіп, үй тапсырмасын "Аквариум"әдісі арқылы бекітті. Үй тапсырмасымен жаңа сабақты байланыстырып ашты. Жаңа сабақты "Джигсо" әдісі арқылы жүргізіп, оқушылар талдады. Жаңа сабақты "Lounch" әдісі арқылы бекітті. Сабақтың өн бойында оқушыларды "Шебер қолғап" әдісімен бағалап, "Медаль" әдісімен кері байланыс алынды. Сабақ мақсатына жетті.