Түркістан облысы, «Арыс қаласының білім бөлімі» ММ - не қарасты "Арыс жалпы білім беретін мектеп" КММ базасында ыстық тамақпен қамтамасыз ету туралы ата - аналармен кездесу өтті. Іс - шара барысында ыстық тамақпен қамтамасыз етілген оқушылардың ата - аналарымен электрон әмиян туралы кеңінен түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Кездесуді әлеуметтік педагог Е.Шекеров жүргізіп, белсенді ваучер арқылы ата - аналарға балаларын қалай тіркеу керектігін видео роликтер арқылы көрсетілді. Сондай - ақ, әлеуметтік педагог Е.Шекеров оқушылардың тамақтану кестесі, ас мәзірі сонымен қатар тамақтану бойынша барлық ережелерін айтты. Ата - аналар тарапынан сұрақтар қойылып, тиісті жауап алынды.