Түркістан облысы Арыс қаласының «Білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қарасты "Арыс жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2025 жылдың 24 сәуір күні 7 «А» сынып жетекшісі Рахматла Назерке "Атадан өсиет, анадан қасиет" тақырыбында сыныптан тыс тәрбие сағаты, «Адамның жеке шекарасын қорғаудағы негізгі ережелері» қауіпсіздік сағатын өткізді. Мақсаты: Қыз балалар бойына нәзіктік, ілтипаттылық пен инабаттылық ұялату, ер балаларды үлкенді сыйлауға, кішіге қамқор, еліне қорған болар азамат болуға тәрбиелеу. Оқушылардың бүгінгі күнгі ұл мен қыз балалардың тәрбиесі жайлы өзіндік пікірлерін, көзқарастарын білу.