"Арыс жалпы білім беретін мектеп" КММ 7 "В" сынып жетекшісі сынып оқушыларымен "Атадан өсиет анадан қасиет" тақырыбында сынып сағаты өтті. Мақсаты: Оқушыларды негізгі құқықтары мен міндеттерімен таныстыру. "Мейірімділік, "Қайырымдылық" құндылықтар туралы түсініктерін кеңейту. Мағынаны ашуда оқушылар Wordwall плпатформасында тапсырмалар орындады. Оқушыларға "Менің анамның қасиеті" немесе "Әкемнің өсиеті" деген тақырыпта шағын әңгіме жазу тапсырмасы беріледі. «Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылы 8 тамыздағы №345 Заңы №15, 16, 16 - 1, 17, 19, 20, 35, 36, 37, 38, 39 - 1 баптары туралы таныстырылды.