"Арыс жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2025 жылдың 23 сәуір күні 7 «Б» сынып жетекшісі Құрашова Ботагөз "Атадан өсиет, анадан қасиет" тақырыбында сыныптан тыс тәрбие сағаты, «Адамның жеке шекарасын қорғаудағы негізгі ережелері» қауіпсіздік сағатын өткізді. Мақсаты: Қыз балалар бойына нәзіктік, ілтипаттылық пен инабаттылық ұялату, ер балаларды үлкенді сыйлауға, кішіге қамқор, еліне қорған болар азамат болуға тәрбиелеу. Оқушылардың бүгінгі күнгі ұл мен қыз балалардың тәрбиесі жайлы өзіндік пікірлерін, көзқарастарын білу.