Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Арыс қаласы білім бөліміне қарасты «Арыс жалпы білім беретін мектеп» КММ
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Арыс қаласы білім бөліміне қарасты «Арыс жалпы білім беретін мектеп» КММ
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/arysschool.edu.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz

Түркістан облысы, Арыс қаласының "Білім бөлімі" ММ - не қарасты "Арыс жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде ДТЖЖО Жандарбеков Мұхит пен АӘД пәні мұғалімі Артықбай Розаның ұйымдастыруымен Ауған соғысының ардагері Қоңырбаев Мырзан ағамызбен кездесу өткізілді. Кездесу барысында оқушылар көкейінде жүрген сұрақтарын қойып, ардагеріміздің ақыл кеңесін тыңдады. Ардагер Мырзан ағамыз Ауған соғысы кезінде бастан кешкен оқиғалары жайлы қысқаша әңігімелеп берді.Әрі қарай Ауған соғысында қаза тапқан батыр ағаларымызды 1 минут үнсіздікпен еске алып, ҚР - ның мемлекеттік әнұраны орындалды. Кездесу соңы әскери патриоттық сайысқа ұласты. Мақсаты:Оқушыларды Отанға,туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру,салауатты өмір салтын насихаттау. Сайыс 6 кезеңнен тұрды.Әскери - патриоттық сайысымыз 6 кезеңнен тұрды.
1. «АК - 74 автоматын жартылай бөлшектеу және жинақтау» сайысы
2. «Жалпы әскерлік қорғаныш толымын кию»сайысы
3. «Гір тасын көтеру» сайысы 
4. «Шалқалап жатып денені көтеру» сайысы
5. «Денені қос қолмен көтеру» сайысы
6. «Арқан тартыс» сайысы. Сайыс қортындысы бойынша "Жасұлан" тобы I - орын иеленсе, "Арыс" тобы II - орын иеленді. Ардагер ұстаз жарысқа қатысқан командаларды марапаттады.