Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Арыс қаласы білім бөліміне қарасты «Арыс жалпы білім беретін мектеп» КММ
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Арыс қаласы білім бөліміне қарасты «Арыс жалпы білім беретін мектеп» КММ
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/arysschool.edu.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz

Арыс қаласы білім бөліміне қарасты «Арыс жалпы білім беретін мектеп» КММ директордың бейін ісі жөніндегі орынбасары Шарапат Ильясова мен кәсіптік бағдар беруші Айгүл Жұмәділ «Бүгінгі оқушы - ертеңгі студент» тақырыбында осы мектептің түлектері, студенттерімен кездесу кешін өткізді.

Мақсаты: Жоғарғы оқу орындарының студенттерін кездесуге шақыра отырып, оқушыларға мамандық таңдау, оның адам өмірінде алатын орны, маңызы туралы түсінік беру. Әрбір мамандық иесіне тән қасиеттерімен таныстыру және 10 - 11 сынып оқушыларының жетістікке жету жолдары туралы білімдерін кеңейту.

Кешке Тараз қаласы Мұхамед Хайдар Дулати атындағы университеті Экономика және Құқық факультеті, қылмыстық процес группасының ІІІ курс студенті Ордабек Салтанат, Алматы қаласы Қ.И .Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ инженерлік жүйелер және желілер факультеті студенті Сейткарим Мерей, Алматы қаласы Қазақ - Ресей медициналық университетінің медицина факультетінің студенті Тоқтар Арайлым және Алматы қаласы Халықаралық Ақпараттық Технологиялар Университеті ақпараттық қауіпсіздік факультеті болашақ IT маманы Тілеу Нұрзат келді.

Студенттер өздерінің оқу орындары, мамандықтары туралы бейнебаяндар көрсетіп оқушылардың сұрақтарына жауап берді. Ынтымақтастықты қалыптастыру мақсатында оқушылар мен студенттер «Мамандықты тап» ойынын ойнады. Шарты: мамандық аттарын жазылған сөздерді іс - қимыл, ым - ишара арқылы табу.