Түркістан облысы, "Арыс қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесіне қарасты "Арыс жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде "Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн" акциясына орай педагог-психолог Ж. Спакешова "Бақытты отбасы, балалар көзімен" атты тренинг ұйымдастырды.
Мақсаты: Отбасы – тіршіліктің тірегі және адамның өте маңызды, өте жауапты жанұясы, ал балалар баға жетпес байлығы екендігін дәлелдеу, пікірлесу.
Қажетті құрал-жабдықтар: маркер, плакат, магнит тақталар, интерактивті тақта.
І. Сәлемдесу. Тренингтің тақырыбымен таныстыру. Тренингтің не екенін, оның ережелерін, мақсатын еске түсіріп кету. (слайд)
ІІ. Танысу тренингі (3 минут)
Шаттық шеңберіне тұрып, танысамыз. Барлығымыз өз есіміміздің бас әрпінен басталатын жылы, жақсы сөздерді есімімізге қоса айтып танысамыз.
Мысалы: Мен жайдары Жұмакүлмін.
ІІІ. Топқа бөлу.
Күн және жүрекшелер таратылып, екі топқа бөлінеді.
ІV. Тренинг.
1 – бөлім. Отбасы өмірді кемеліне келтіреді, бақыт әкеледі. А.С. Макаренко. (слайд)
Тапсырма: Сіздің ойыңызша бақытты отбасы қандай болу керек?
Жауапты сызба түрінде беру керек.
Дайындалу уақыты: 5 минут.
Екі топтан екі адам шығып қорғайды.
Қорытынды (слайд)
2 – бөлім. (слайд)
Бала – ата-аналар өмірінің жалғасы.
Тапсырма: Балаңыздың жақсы тұлға болып қалыптасуы үшін сіз қандай тәрбие беруіңіз керек? (5 минут)
Екі топ сызба түрінде жауап береді.
Қорытынды.