Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Арыс қаласы білім бөліміне қарасты «Арыс жалпы білім беретін мектеп» КММ
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Арыс қаласы білім бөліміне қарасты «Арыс жалпы білім беретін мектеп» КММ
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/arysschool.edu.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz

"Бала қауіпсіздігі-қоғам келешегі" ата-аналар жиналысы өтті
"Арыс қалалық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесіне қарасты "Арыс жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 25.09.2024 ж "Бала қауіпсіздігі - қоғам келешегі" тақырыбында ата - аналарға арналған жиналыс өтті. Мақсаты: Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын өзектендіру.
Күн тәртібінде: 
1. Мектеп директоры Е.Р. Кушкарбеков сөз алып, 2023 - 2024 оқу жылындағы білім беру мен тәрбие саласы бойынша атқарылған жұмыстың қорытындысымен таныстырды.
2. 2024 - 2025 оқу жылындағы тәрбие саласына енген өзгерістер. "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы бойынша баяндама және оқушылардың өмір қауіпсіздігі, жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу, кешкі бақылау жұмыстары туралы директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Исаев Қаныбек сөз алды.
3. Мектеп педагог - психологы Қонысбаева Гүлжан ата - аналарға "Сіз қандай ата - анасыз?" тақырыбында сауалнама алып, "Буллинг, кибербуллинг және вандализм" туралы бейнебаян көрсетіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
4. ДОЖЖО Асирова М.Білім алушылардың оқу процесі кезеңінде мектептер арасында ауысу тәртібі туралы баяндама оқыды.
Жиналыс соңында ата - аналар жарыссөзге шығып, өз ұсыныстарын айтты
Ұсыныстар тыңдалып, назарға алынатындығы айтылды.