Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Арыс қаласы білім бөліміне қарасты «Арыс жалпы білім беретін мектеп» КММ
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Арыс қаласы білім бөліміне қарасты «Арыс жалпы білім беретін мектеп» КММ
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/arysschool.edu.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz

«Бала және мәдениет» жобасы аясында Санжар Керімбайдың «Өзбекәлі және мәдени майдан» шығармасына ұйымдастырылған балалар оқуы байқауы өтті.

Арыс қаласының білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің бастамасымен 2024 жылдың 18 желтоқсан күні «Арыс» жалпы білім беретін мектеп базасында 9-10 сынып оқушылары арасында ұйымдастырылған байқауға «Отбасы хрестоматиясы» қорының өкілі Серік Әбілқайырұлы, «Sandy.art» балалар шығармашылық орталығының директоры Қуандық Сандуғаш, білім бөлімінің кітапхана ісі әдіскері Тәуіркелдібекқызы Гүлсім және мектеп директоры Кушкарбеков Ералы қатысты.

Байқаудың мақсаты — балалардың кітап оқуға деген құштарлығын арттыру, еліміздің әдебиеті мен жазушыларының шығармаларын зерделеуге шақыру және жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік сезімін қалыптастыру.

Міндеттері:

  • Мектепішілік байқауға қатысу барысында оқушыларды кітап оқуға бейімдеу және оқу сауаттылығын арттыру;
  • Балалардың жылдам оқу, логикалық және сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін қалыптастыру, сананың ашықтығын дамыту;
  • Туған елі мен жері туралы білімдерін жетілдіру және отансүйгіштік сезімін ояту.

Байқау үш кезеңнен тұрды: I кезең — Санжар Керімбайдың «Өзбекәлі және мәдени майдан» кітабынан тест тапсыру. II кезең — Санжар Керімбайдың «Өзбекәлі және мәдени майдан» кітабынан театр қойылымдары. III кезең — «Өзбекәлі және мәдени майдан» шығармаларының кейіпкерлерін бейнелеу өнері.

Байқауды қорытындылай келе, әділ-қазылардың шешімімен І, ІІ, ІІІ кезеңдер бойынша оқушылар марапатталды.

Баспасөз қызметі.