Арыс қаласы білім бөлімі ММ-не қарасты Арыс жалпы білім беретін мектебі КММ-де 02.06.25ж. Мектеп жанындағы "Балауса" жазғы сауықтыру лагері өз жұмысын бастады. Лагерь 10 күн бойы жоспарға сай үздіксіз жұмыс атқаратын болады.Бұдан бөлек әлеуметтік топқа кіретін 40 оқушы бір мезгіл ыстық тамақпен қамтылатын оқушылар қатысуда.
Жоспарға сай, 1-Маусым балаларды қорғау күніне орай ашылу салтанаты өтті. Мектеп директоры Е Кушкарбеков қатысушы оқушыларды мерекесімен құттықтап, жылы лебізін білдірді.
Мақсаты: "Балауса"лагеріне келген әрбір оқушыны алдымен жақсылыққа, адамгершілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелей отырып, оқушылардың жазғы демалыс уақытын тиімді пайдалана білуге үйрету. Балалардың жаз мезгіліндегі демалысын, сауықтырылуы мен тиімді әрі қызықты өткізу.