Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Арыс қаласы білім бөліміне қарасты «Арыс жалпы білім беретін мектеп» КММ
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Арыс қаласы білім бөліміне қарасты «Арыс жалпы білім беретін мектеп» КММ
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/arysschool.edu.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz

Арыс қаласының білім бөлімі "Арыс жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 20.01 - 20.02.2025 ж аралығында "Бастауыш - білім бастауы" тақырыбы аясындағы бастауыш сынып пәндері айлығының жоспары бойынша 28.01.2025 күні бастауыш сынып мұғалімі Акимова Гульмира 1 "А" сыныбына ана тілі пәнінен ашық сабақ өтті.

Тақырыбы: "Жуан және жіңішке айтылатын сөздер"

Сабақтың мақсаты:1.2.8.2 дауысты және дауыссыз дыбыстарды ажырату, дауысты дыбыстардың жуан, жіңішке болып бөлінетінін түсіну. Психологиялық ахуал қалыптастырды. Оқушылар үш топқа бірікті. Өткен сабақты еске түсіру барысында Wordwall платформасы арқылы "Сұрақ - жауап" ойынымен бекітті. Тақырыпты ашу барысында оқушылардан "Сыйлаймын" деген сөзді қалай түсінетіндерін сұрады. Сабақта тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым дағдылары жүргізіліп отырды. Оқылым дағдысы бойынша буындап, мәнерлеп, тұтас оқу түрлерін қолданды.Балаларға тыйым сөздердің мағынасын түсіндіре білді.Сабақты ұлттық құндылықтармен байланыстырды және апта дәйек сөздерін еске түсіріп отырды. Жуан және жіңішке айтылатын сөздерді ажырату барысында жұппен, топпен жұмыстар жүргізілді. "Аюға көмек" ойыны арқылы жеке жұмыс жасалды. Сабақты "Шаңырақ" ойыны арқылы қорытылады. "Classroomscreen"платформасыдағы "Бағдаршам" әдісі арқылы кері байланыс жасалды. Сабақ мақсатына жетті.