Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Арыс қаласы білім бөліміне қарасты «Арыс жалпы білім беретін мектеп» КММ
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Арыс қаласы білім бөліміне қарасты «Арыс жалпы білім беретін мектеп» КММ
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/arysschool.edu.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz

"Арыс қаласының білім бөлімі' ММ - сіне қарасты "Арыс жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары К.Турегельдиеваның ұйымдастыруымен 20 қаңтар мен - 20 ақпан аралығында бастауыш сынып пәндерінің "Бастауыш - білім бастауы" тақырыбындағы айлық жоспары бойынша 13.02.2025 күні бастауыш сынып мұғалімі Тузелова Меруерт 4 "Б" сыныбымен қазақ тілі пәнінен ашық сабақ өтті. Тақырыбы: Тәуелдеулі зат есімдердің септелуі 1 - 6 жаттығулар
Сабақтың мақсаты: 
4.4.2.3 - зат есімді септеу,тәуелденген сөздердің септелуін білу.
4.1.4.1 - тірек сөздер мен жоспарды пайдалана отырып,монолог құрау.
Сабақтың ұйымдастыру кезеңіне "Мен қандаймын?" арқылы бастады.
"Сәттілік дөңгелегі" әдісі арқылы үй жұмысы мен өткенге шолу жасап, жалғау түрлерін сұрай отырып, жаңа сабақтың тақырыбын ашты.
Сабақты "Менің уақытым" әдісі арқылы оқушылар өздері бағалап отырды.
1 - жаттығу оқулықпен жұмыс жүргізе отырып, тірек сөздер арқылы "Монолог" құрастырды. Тақтамен жұмыс, топпен жұмыс, жұппен жұмыс жургізілді.
"Қазақтың ұлттық оюларын қимылмен көрсету" арқылы ұлттық құндылығымызды дәріптеу мақсатында сергіту сәті жүргізілді. Сабақ барысында оқушыларға саралау тапсырмалары беріліп, уақытысында бағаланып отырды. Сабақ соңында "Күн - райы" туралы кері байланыс жасалды. Сабақ өте жақсы өтіп, мақсатына жетті.