"Арыс қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесіне қарасты "Арыс жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 20 қаңтар мен - 20 ақпан аралығында бастауыш сынып пәндерінің "Бастауыш - білім бастауы" тақырыбындағы айлық жоспары бойынша 27.01.2025.күні бастауыш сынып мұғалімі Агадилова Маржан Маханбетгалиевна 3 "Ә" сыныбымен математика пәнінен ашық сабақ өтті. Тақырыбы: Есептеу. Қорытындылау. Сабақтың мақсаты: 3.2.1.5 - үш амалдан артық әріпті, санды өрнектерді салыстыру. Балалармен сәлемдесіп, үй тапсырмасын "Барабан" әдісі арқылы бекітті. Жаңа сабақты оқушылар өздері топтың атын шығара отырып, ашты. Ұжымдық жұмыс арқылы "Құм сағатымен есеп шығару" арқылы жаңа сабақты оқушылар өздері талдады.Тақтамен жұмыс арқылы әр топтан оқушылар шығып күрделі теңдеуді, жай теңдеуге айналдыра отырып шешті. "Кім жылдам? " деп оқушылар өздері жұптық тапсырманы орындап шықты. Wordwall жасанды интелекті пайдалана отырып, қалдықпен есептерді шығарды. Сабақтың өн бойында балаларды мақтап, мадақтап, "Өзін - өзі бағалау әдісімен бағалап, "Интервью" әдісімен кері байланыс алынды. Сабақ өз деңгейінде өтілді.