Арыс қаласы Білім бөліміне қарасты "Арыс жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2025 жылдың 20 қаңтар күні "Бастауыш - білім бастауы" атты бастауыш пән бірлестігінің айлығы басталды.
Мақсаты: Оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру, шығармашылық арттыра отырып, ұлттық құндылыққа тәрбиелеу.
Мектеп директоры Е. Кушкарбеков пен директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары У. Кадирова оқушыларға сәттілік тіледі.
Ашылу салтанатында оқушыларға түрлі логикалық тапсырмалар беріліп, жүлделі орындарға сыйлықтар берілді. Оқушылар өлең шумақтарын оқып, ән шырқап, би биледі.
20.01 - 20.02.2025 аралығында ашық сабақтар, сайыс сабақтар, ашық есік күні, түрлі сыныптан тыс іс - шаралар өткізіледі.