Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Арыс қаласы білім бөліміне қарасты «Арыс жалпы білім беретін мектеп» КММ
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Арыс қаласы білім бөліміне қарасты «Арыс жалпы білім беретін мектеп» КММ
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/arysschool.edu.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz

"Білім сапасын арттырудағы кедергілер, оларды шешу жолдары» коучинг өтті
Арыс қаласы Білім бөліміне қарасты «Арыс білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекесінде ДОЖЖО М. Асирова мұғалімдермен «Білім сапасын арттырудағы кедергілер, оларды шешу жолдары» тақырыбында коучинг өтті. 
Мақсаты: оқытудағы бөгет болатын факторларды анықтау, теріс әсер ететін факторларды қарастыру, оларды жою жолдарын анықтау;
«Кинометафора» әдісі арқылы мұғалімдер оқуда болатын кедергілерді анықтап, үлгерімі төмен оқушылардың жеке тұлғалық мүмкіндіктерін ашуға көмектесу, пәнге деген қызығушылығын арттырудың жолдарын қарастырды.
Коучинг барысында түрлі тапсырмаларды орындай отырып:
- Әр сыныптағы үлгерімі төмен оқушыларды анықтау;
- Мемлекеттік білім стандартын меңгерте отырып, жыл бойы жұмыс жүргізу арқылы үлгерімін жоғарылату:
- Үлгерімі төмен оқушыларға психологиялық - педагогикалық көмек көрсету;
- Жекелеген мұғалімдердің сабақтарының сапасыздығы, жаңа материалды тиісінше түсіндіре алмауы, бекіту жұмысының әлсіз жүруі, оқушы білімін есепке алудың болмауы, мұғалімнің тиісті дәрежеде талап етпеуі;
- Үй тапсырмасын орындау жұмысын дұрыс ойластырмау және тыңғылықты тексерудің болмауы;
- Мұғалімдердің өз оқушыларын дұрыс білмеуі, жеке жұмыстың болмауы, танымдық қызығуын дамыта алмауы;
-Тәрбие жұмысындағы олқылықтар, оқушылардың сабақтағы нашар тәртібі, өз міндеттерін саналы түрде түсінбеу жолдарын анықтады. 
Мұғалімдерге түрлі кеңестер берілді:
- Баладағы жақсы, жағымды қасиеттерді көре біліңіз, табыстарын дәріптеңіз, жеке жұмыс жүргізіңіз.
- Топтық жұмысты жиі жүргізіңіз
- Үлгермеуші оқушыға көп тапсырма беруден сақтаныңыз.
- Жеңіл әрі қызықты тапсырма беріңіз
- Ешқашан ондай типтегі балаларға қатты дауыс көтермеңіз
- Үлгермеуші оқушыға жағымды көзқарас қалыптастырыңыз, үнемі кішкене ғана
жетістігін мадақтап, мақтап отырыңыз, көп көңіл бөліңіз, ешқашан сәтсіздігін бетіне басып кемітпеңіз.
Коучингті М. Асирова: «Баланың тентектігін қойдырамын деп, қайсарлығын өлтіріп ала көрме…», - деп, Қадыр Мырза Әлидің қанатты сөзімен аяқтады.