«Арыс жалпы білім беретін мектеп» КММ - де «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында жоспарға сәйкес 9 сынып ұлдарының қатысуымен 2025 жылдың 10 ақпан күні «Ер азамат атына лайық бол!» тақырыбымен сынып сағатын өтті.
Сынып сағатының мақсаты:
- Ер адамның әлеуметтік рөлін дұрыс орындауға деген қажеттілігін қалыптастыруға бейімдеу;
- Дене тәрбиелік қалыптасуға ықпал жасау.
- Үлкенді сыйлау, кішіге қамқорлық жасау,үлгі өнеге көрсету;
Адал болар ата - баба салтына! - демекші әр халықтың бала тәрбиесіндегі өзіндік ерекшеліктері арқылы мәдени құндылықтары қалыптасады. Ата - бабамыз ұл баланы ертеңгі абыройлы әке, қадірлі отағасы, елді қорғайтын ер, батыр, би, ақын, ұлттың намысты азаматы ретінде әділдікке, қайсарлыққа, кешірімді болуына, өнерге, білімге, салт - дәстүрімізді сақтауға тәрбиелеген.
Жас ұрпақты рухани - адамгершілікке, салауаттылыққа тәрбиелеуде адамгершіліктің ақ жолынан айнымаған бұрынғы өткен ақыл - ой алыптарының мұра етіп қалдырған өсиет сөздері және ғұламалардың ғибраттары арқылы қоғамымызда салауатты өмір салтын қалыптастыруымызға болады. Сонда ғана бүкіл жер бетінде, әсіресе, жастар арасында бой көрсетіп жатқан маскүнемдік, нашақорлық, парақорлық, дүниеқоңыздық, көреалмаушылық сияқты кеселдерден мемлекетіміздің болашағы - жас ұрпағымызды қорғап қаламыз және аман сақтаймыз.
Ер азамат атыңызға лайық болыңыз!