"Бірыңғай өрт қауіпсіздігі күні' өтті
Арыс қаласы білім бөліміне қарасты «Арыс жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 28.02.2025 жылы алғашқы әскери дайындық технологиясы пәнінің мұғалімі Артықбай Роза мектеп қызметкерлері мен ата - аналарына өрт қауіпсіздігі, өмір қауіпсіздігін сақтау, өрт қауіпсіздігін түсіндіру мақсатында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Мақсаты: өрт қауіпсіздігі ережелері туралы білімдерін қалыптастырып, қауіп төнген кезде өздерін қорғай білуге машықтандыру. Қызметкерлер өрт қауіпсіздігі туралы сұрақтарға жауап беріп, өз ойларымен бөлісті. Бұл ұйымдастырылған іс - шараға қызметкерлер мен ата - аналар белсене қатысты.