Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Арыс қаласы білім бөліміне қарасты «Арыс жалпы білім беретін мектеп» КММ
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Арыс қаласы білім бөліміне қарасты «Арыс жалпы білім беретін мектеп» КММ
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/arysschool.edu.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz

"Арыс қалалық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесіне қарасты "Арыс жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде "Тілден қымбат қазына жоқ" атты қазақ тілі мен әдебиеті он күндігінде , 9 "А" сыныбына қазақ әдебиеті пәнінен Сыранова Гүлвира ашық сабақ өтті.

Сабақтың тақырыбы: "Біржан мен Сара айтысындағы" әлеуметтік мәселе

Оқу мақсаты: "Арыс қалалық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесіне қарасты "Арыс жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде "Тілден қымбат қазына жоқ" атты қазақ тілі мен әдебиеті он күндігінде 9 "А" сыныбына қазақ әдебиеті пәнінен Сыранова Гүлвира ашық сабақ өтті.

Ұйымдастыру кезеңі. Мұғалім оқушыларды түгелдеп, үй тапсырмасын «Кір жайғыш» әдісі арқылы сұрады, «Біржан мен Сара айтысындағы» Біржан мен Сара бейнесі тақырыбында «ВЕНН диаграммасы» арқылы өз ойларын жазған оқушылар үй жұмыстарын бір бірімен алмасып, топта талқылап, үздік жұмысты анықтап кір жайғышқа ілді.

Оқушылардың ойын қозғау мақсатында «Ақын — ұлттың жүрегі, Шешен — көптің тірегі» нақыл сөзінің мағынасын аштырып және суреттерді сөйлетумен, жаңа сабақтың тақырыбын болжатты. Оқушылар «Біржан мен Сара айтысындағы» әлеуметтік мәселе, айтыстың қоғамдағы рөлі мен көркемдік ерекшелігін топтық жұмыста талқылап, өз ойларын «ПОПС формуласыме» түсіндірді. Саралау тапсырмалары беріліп, оқушылар жеке тапсырмалармен жұмыс жасады. Сабақта әдіс тәсілдер тиімді қолданылып, мұғалім тарапынан, оқушылар тарапынан бағалау дер кезінде беріліп, кері байланыс жүргізілді. Сабақ «Өте жақсы» деп бағаланды.