«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында жоспарға сәйкес 8-11 сыныптары арасында Арыс АПБ-нің ЖПҚ КТІЖ УПИ аға лейтенанты Ж.Таттыбековтің қатысуымен 2025 жылдың 18 наурыз күні Құқықбұзушылықтың алдын алу және оны болдырмау, сондай-ақ, «Буллингтен қорған!» атты жасөспірімдер арасында кездесу өткізді.
Кездесу барысында құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша білім алушыларға қылмыстың – қоғамға қауіпті әрекет, оның ішінде кәмелеттік жасқа толмағандардың қылмысы, қылмыстық жауапкершілік, оған қолданылатын жаза түрлері, кінәні жеңілдететін, жауапкершілікті ауырлататын жағдайлар туралы толық түсіндірді, сондай-ақ, құқықтық сауаттылығын арттыру, салауаттылыққа тәрбиелеп, өз әрекеттеріне баға бере білуге, Ата заңымызға деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастырып, шыншыл да әділетті және парасатты тұлғаны қалыптастыруда білімді болып тәртіп сақтау керектігін баса айтты. Полиция капитаны өз сөзінде, әрбір оқушы жол қауіпсіздік ережелерін сақтау керектігін, кешкілік сағат 22. 00 ден кейін көшеде жүрмеуін, компьютерлік ойынханаларға, кафе, ресторондарға, биллярд клубтарға баруға болмайтынын, өмір қаіпсіздігі мен қауіпсіздік ережелерін және де ер балалардың тәртібін қатаң сақтау керектігіне тоқталды.