«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында жоспарға сәйкес 5 «Б» сынып жетекшісі Д.Құрбанбаеваның ұйымдастыруымен 2025 жылдың 11 ақпан күні «Төтенше қызмет нөмірлері» қауіпсіздік сабағы, «Буллингтен қорған!» тақырыбымен сыныптан тыс тәрбие сағатын өтті.
Мақсаты: «Буллинг» сөзінің мағынасын ашу, таныту, жасөспірімдер арасындағы қорлау, мазақтау және намысқа тию жағдайларынының алдын алу, оқушыларға зорлық зомбылық туралы мағлұмат беру, адамның ең жаман қасиеті екенін айту, сынып ұжымын сыйластыққа, адамгершілікке, бір-біріне қолдау көрсете білуге шақыру.
Іс - шара барысында оқушыларға 10 минуттық қауіпсіздік сабағы бойынша «Төтенше қызметі» нөмірлерімен таныстырып, бейнебаян көрсетілді.
- Буллинг қандай жағдайға әкеп тіреуі мүмкін?
- Біреу сені қорқытып, қорлап жүрген жағдайда не істеу керек?
- Егер сен біреуді қорлап жүрген болсаң ше?
- Неліктен адамдар бір-бірін қорлап, қиянат жасайды