Арыс қаласының Білім бөлімі ММ "Арыс жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары К. Турегельдиеваның ұйымдастыруымен 24 ақпан мен 7 наурыз аралығында "Тарих - ғасырлар куәсі,
Жаратылыстану - ғажайыптар әлемі" тақырыбында Тарих, география, биология, химия пәндерінің онкүндігі барысында 4.03.2025ж Құрманалиева Күнсұлу 7 "А" сыныбында география пәнінен ашық сабақ өтті.
Тақырыбы: "Дүниежүзі халқының діни құрамы"
Сабақтың мақсаты: 7.4.1.2
дүниежүзі халқының діни құрамы мен діндердің таралу аймақтарын анықтайды;
Ұйымдастыру кезеңінде миға шабуыл ретінде оқушыларға "Патриотизм - ата - анаңды құрметтей білуің" апта дәйексөзінің мағынасын ашумен басталды. Оқушылар өз ойларын айтып, ата-ананы қадірлеу керек екенін түсінді. Үй тапсырмасын "Тест " әдісі оқушылар Learning Apps бағдарламасы арқылы тест сұрақтарына жауап берді. Оқушыларды "Алтын қоржындағы" жебелерді алу арқылы топтарға біріктірді. Жаңа сабақты "Мюнстенберг" әдісі арқылы оқушылар шатасқан сөздерден жаңа сабақтың тақырыбын ашу арқылы бастады. "Әлем халқының діни құрамы" жаңа сабақтың тақырыбы айқындалды. "Түртіп алу" әдісі арқылы әлемдегі кең таралған діндер туралы бейнебаян көрсетіп, қосымша мәліметтер бере білді.
І тапсырма
Топтық жұмыс
3 топқа тапсырма берілді.
1 топ. Дүниежүзілік діндерді атаңдар. Олар қандай белгілері бойынша анықталатынын кластерге жазыңдар.
2 топ. Дін дегеніміз не? Діни сенімнің басты белгілерін кластерге жазыңдар.
3 топ. Ұлттық дін дегеніміз не? Ұлттық діндерді кластерге жазыңдар.
Топтық тапсырма бойынша әр топтан 2 оқушыдан шығып қорғады. Топтық жұмыстан кейін оқушылар әр топты бағалап кетті.
ІІ тапсырма. "Бешбармақ әдісі" бойынша жұптық жұмыс. Әлем діндері картасын пайдаланып, олардың қайсысы әлемдік дінге, қайсысы ұлттық дінге жататынын анықтап, жұптасып, кестені орындады және картадан көрсетіп кетті.
ІІІ тапсырма. "Сәйкестендіру" тапсырмасы бойынша Learning Apps бағдарламасы арқылы ұлттық діндерді сәйкестендіріп, жеке жұмыс орындалды.
Мұнда оқушылар жеке-жеке тақтаға шығып орындады.Сабақты
"Картамен жұмыс" арқылы сұрап, сабақты қорытындылап ,оқушылардан "Факт" әдісі арқылы кері байланыс алды. Оқушылар әлемдік діндер бойынша 1 факт атайды. Үйге тапсырма: Діндердің таралу аймақтарын кескін картаға түсіру. Сабақ мақсатына жетті.