Арыс қаласының «Білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қарасты, «Арыс жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде №14 сайлау учаскесінің хатшысы Е.Шекеровтың ұйымдастыруымен «Дүниежүзілік сайлау күні» тақырыбында 11 сынып оқушыларына сынып сағаты өткізілді.
Мақсаты: Сайлау құқығымен таныстырып, қоғамдық сайлау үдерісіндегі жетістіктер туралы хабардар ету, жас сайлаушылар арасында демократиялық құндылықтарға деген адалдықты қалыптастыру болып табылады.
Жыл сайын ақпанның алғашқы бейсенбісінде барлық елдерде Дүниежүзілік сайлау күні аталып өтеді.
Дүниежүзілік сайлау күнін атап өту дәстүрі Еуропа елдерінің сайлауын ұйымдастырушылар қауымдастығымен басталған, ал Қазақстан Республикасы оның толық құқылы мүшесі болып табылады.