Түркістан облысы "Арыс қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесіне қарасты "Арыс жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 27.09.2024 ж күні 8-11 сынып оқушыларына құқықбұзушылық пен оны алдын алуға байланысты дәріс өтті.
Тақырыбы: "Кәмелетке толмағандардың арасында құқықбұзушылықтың алдын алу және болдырмау, құқықтық сауаттылықты арттыру, заңсыз іс әрекеттер жасаудан қорғау". Дәрісті Арыс аудандық прокуратурасының прокуроры Анарбай Қуаныш жүргізді. Дәріске Арыс қалалық білім бөлімінің бас маманы - Жунисов Абдіазиз қатысты.