1 - мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі” күніне орай “Достық күні” тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Түркістан облысының білім басқармасының Арыс қаласы білім бөліміне қарасты "Арыс жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «1 - мамыр Қазақстан халқының бірлігі күніне» орай өтілетін іс - шаралар жоспарына сәйкес “Достық күні” тақырыбында 7 "А" сыныбында сынып сағаты өткізілді. Мақсаты: Оқушылардың қоғамдағы белсенділігін арттыру, ұлттар арасындағы достықты дәріптеу. Нәтижесінде: Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі бүгінгі таңда бейбіт өмір мен ынтымаққа тұрмыс кешіп отырған ел тұрғындары үшін ыстық ықылас пен достық ниеттің дәстүрі, асыға күтер мейрамы. Бұл күн - әрбір қазақстандық үшін Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімнің, азаматтық борыш пен жалпы ұлттық келісімнің мерекесі.