#Біртұтастәрбие
#эссежазу
“Арыс қалалық білім бөлімі” мемлекеттік мекемесіне қарасты “Арыс жалпы білім беретін мектеп” коммуналдық мемлекеттік мекемесінде қазақ тілі пәнінің мұғалімі Сыранова Гулвираның ұйымдастыруымен “Ең сауатты оқушы” байқауы өткізілді.
Байқау барысында 2-11 сынып оқушылары арасында эссе жұмыстары алдынды.
"Ең сауатты оқушы" эссе байқауының мақсаты – оқушылардың жазу дағдыларын дамыту, олардың сауаттылығын арттыру және шығармашылық ойлау қабілеттерін жетілдіру. Байқау барысында қатысушылар өз ойларын нақты, жүйелі және сауатты түрде жеткізуге үйренеді. Сонымен қатар, байқау оқушыларды кітап оқуға, білімге деген қызығушылықтарын арттыруға және мәдениет пен әдебиетке құрметпен қарауға тәрбиелейді.